«Алматы-1 вокзалы» маңында жол жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Осипенко көшесінің Ержанов көшесінен 1-Алматы темір жол вокзалына дейінгі аумағында жол қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған аймақта жол төсеу  жұмыстары жүргізілмек.

Соған байланысты 4 сәуір күні таңғы сағат 7:00-ден түнгі 24:00-ге дейін көлік қозғалысы тоқтатылады. Көлік қозғалысы уақытша Тынышбаев  және Кунгурская көшелерімен ұйымдастырылады.

фото:rabochy-put.ru

Соңғы жаңалықтар