Алматы-1 теміржол вокзалы қалай өзгереді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Алматы-1 теміржол вокзалын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нысан жақында қаланың коммуналдық меншігіне өткен болатын. Биыл мұнда реконструкция жұмыстары басталады. Қала басшысы вокзалды модернизациялау барысында арзан, бірақ сапалы материалдар пайдаланылуы керектігін айтты. Реконструкциялаудан соң вокзал арқылы тәулігіне 11-16 мың жолаушы өтетін болады. Ал күту орындарының саны төрт есе артады.
null

Бұлардан өзге, адамдардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін келетін және кететіндердің легі екшеленеді. Заманауи өткелдер салынып, бұрынғы жерасты жолы кеңейтіледі және эскалаторлар қойылады.

Бұрын «ҚТЖ» АҚ Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдарын қала балансына беру туралы шешім қабылдаған еді. Нәтижесінде Алматы әкімдігі обьектілерге реконструкция жүргізіп, оларды мегаполистің көлік инфрақұрылымының бір бөлігі ретінде одан әрі дамытады. 2018 жылы жергілікті бюджет есебінен екі теміржол вокзалының айналасы жаңартылды.
null

Айта кету керек, биыл Алматыда жайлы қала кеңістігін дамыту жұмыстары жалғасады. Бүгінгі күнге дейін қаланың тарихи орталығының үштен екі бөлігі модернизацияланды. 524 көше,1400 ескі аула жөнделді. Көше жарығының үштен бірі диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылды, 300 км арық және 1000 км инженерлік желі қайта жасалды. Қаланың барлық жерасты өтпелі жолдары жаңғырды.

Көлік реформасын жүзеге асыру барысында былтыр қала бағыттарына 500 жаңа автобус шықты. Биыл да автобус парктерін жаңарту ісі жалғасын табады.

null

Соңғы жаңалықтар