Алматы-1 стансасының бастығы пара алғаны үшін сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Алматы жолаушылар тасымалы бөлімі» - «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-на қарасты «Алматы-1» стансасының бастығы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жүргізген сотқа дейінгі тергеу бойынша, «Алматы ЖТ бөлімі» - «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-на қарасты «Алматы-1» стансасының бастығы Т.С.Құлжабаев ҚХР меншік иелеріне бос контейнерлерді қайтару және кедергісіз тексеру үшін коммерциялық кәсіпорын өкілдерінен делдал арқылы 500 мың теңге көлемінде пара алғаны анықталды.

2019 жылдың 4 қыркүйегінде Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты Т.Құлжабаевқа бірнеше рет пара алғаны үшін 17 832 500 теңге көлемінде айыппұл салып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.


Соңғы жаңалықтар