+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Алматадағы атыс: Қаза тапқан полицейлердің отбасына үй беріледі

2021 жылғы 21 қыркүйек 13:50
Бөлісіңіз:
Алматадағы атыс: Қаза тапқан полицейлердің отбасына үй беріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев қаза болған полиция қызметкерлері Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиевтің отбасына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда әйел баласымен бірге көп қабатты үйдің балконынан секірмек болған Семейде құтқарушылар жол апатына ұшырап, көлікке қысылып қалған адамды шығарды Сәтбаевта жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

ІІМ басшылығы, ішкі істер органдарының жеке құрамы атынан қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ішкі істер министрінің қолдау хаты бойынша Алматы қаласының Әкімдігі қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына тұрғын үй береді.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрінің бұйрығымен тәртіп пен заңдылықты соңына дейін күзеткен учаскелік инспекторлар «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге косқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталды.

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Сүлеев Дархан Дауылбайұлы, 1982 жылы туған, ҚР ІІМ Алматы Академиясының Магистратурасын бітіргеннен кейін 2003 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті. 2021 жылдың тамызында учаскелік инспектор лауазымына тағайындалған еді. ІІО қызмет еткен жылдар ішінде ол 6 марапатқа ие болды, оның ішінде «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 3-дәрежелі медалімен, сондай-ақ, «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Үйленген, кәмелетке толмаған бес баласы бар.

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы, 1988 жылы туған, ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет еткен. Ол 13 марапатқа ие болды, оның ішінде «Үздік құтқарушы жауынгер» және «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгілерімен марапатталды.

Үйленген, кәмелетке толмаған екі баласы бар.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев олардың отбасына тиісті көмек көрсетілетіні туралы айтқан болатын.
Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда атыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.
Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT