Алмат Кебіспаев әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды

None
None
ОСЛО. ҚазАқпарат - Ослодағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финал кездесуі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz ресурсына сілтеме жасап.

Осы салмақта ел намысын қорғаған Алмат Кебіспаев ресейлік қарсыласы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Назир Абдуллаевқа есе жіберді.

Тартысты белдесуде Алмат 5:10 есебімен ұтылған. Осылайша, Алмат турнирдің қола жүлдесіне таласу мүмкіндігін алып отыр.

Алмат Кебіспаев - әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері.

Соңғы рет ол 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында 63 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алған болатын.

Сондай-ақ, Алмат Кебіспаев - 2012 жылғы Лондон және 2016 жылғы Рио Олимпиадаларының қатысушысы.

Соңғы жаңалықтар