«Алмас туризм» компаниясы банкрот болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Туристері дала қалған «Алмас туризм» компаниясы банкрот болмайды. Бұл туралы Қазақстанның туристік қауымдастық президенті Рашида Шәйкенова мәлім етті.

«Бұл компанияның басшылығы әзірге банкрот болу туралы мәлімдеме жасаған жоқ. Олар орын алған келеңсіздіктерді қалпына келтіріп, мойнына алған жауапкершілікті орындауға бекініп отыр. Банкроттық - форс-мажор жағдайға жатады. Компания басшылығы қазір туристермен байланысқа шығып, мәселені тексеруді қолға алуда. Компания сақтандыру тетігі бойынша, болмаса өзінің жеке ресурстары арқылы қаржылық кикілжіңді шешеді», - деді Р.Шайкенова.

Компания басшылығы да жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Біз ешкімнен қашып отырған жоқпыз. Ұша алмай қалған, жатар орыннан қағылған туристерге шығынын толық көлемде өтейміз. Келісім шарт бойынша мойнымызға алған міндеттемелерімізді орындауға әзірміз. Үнемі туристермен байланыстамыз», - деді «Almaz Tourism» ЖШС директоры Айнұр Бакибаева.

Оның айтуынша, қазір Түркияда туроператордың жолдамасымен 47 турист жүр.

Ал, Қазақстанда белгіленген уақытта ұша алмай қалған туристердің саны 10 адам. Компания басшылығы пайдаланылмаған билеттерді қайта сатып алып, болмаса тұрақты рейстер арқылы жүзеге асыруға тырысатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар