«Алмас қылыш» фильмінің режиссері Рүстем Әбдіраш марапатталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазақ елі» сериалының «Алмас қылыш» аталатын кинонұсқасының таныстырылымында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фильм режиссері Рүстем Әбдірашты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасы Жарлығымен Рүстем Әбдіраш «Құрмет» орденімен марапатталған болатын.

Еске сала кетсек, «Алмас қылыш» фильмі Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құру тарихын бейнелейтін фильм. Көркем фильм Қазақстан кинотеатрларында 5 қаңтардан бастап, ал телехикая отандық арналарда көрсетіледі.

Киноға 500-ге тарта адам, 100-ге жуық актер жұмылдырылған. Көркем фильмнің режиссері  Рүстем Әбдіраш. Фильм 15-ғасырдың орта тұсындағы Қазақ хандығының құрылу тарихын баяндайды. 

Соңғы жаңалықтар