«Алмас қылыш» фильмі қытайдағы қандастарымызды елеңдетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Алмас қылыш» фильміне қытайдағы қандастарымыз ерекше қызығушылық танытуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Сайтымыздың төтежазу және қытай тілі нұсқаларында жарық көрген "Алмас қылыш" фильміне қатысты ақпараттарға қытайдағы қандастарымыз жарыса пікір қалдыруда. Көпшілігі туындыны бір көруге асық екендігін жеткізген. Кешеден бергі киноның прокатқа шыққандығы туралы ақпарат қандастарымыздың тіптен дегбірін қашырды. Кейбірі киноны көру үшін Қазақстанға арнайы ұшып келуді жоспарлап отырғандығын да жазған.

 

«Бұл киноны қайдан көруге болады? Қытайда прокатқа шыға ма?», «Алға Қазақ! Осындай тарихымызды суреттейтін, ұлттық жігерімізді жанып, намысымызды оятатын кинолар көбейе берсін. Тарихын білмей адасып жүргендерге үлгі болсын!», «Қазақ тілінде түсірілгеніне қатты ризамын! Орыс тілінде аудармасы бар, бірақ неге ағылшын тіліне дубляж жасалмаған? Басқа шет елдерге де көрсету керек деп ойлаймын!», «Қазақтың ұлы тарихын экран алдына шығарып, жұртқа ұлтымыздың ұлылығын таныта беру керек», «Киноны Алматыға барып көріп келейін деп жоспарлап отырмын», «Қытайда қойылса екен. Асыға күтеміз!», «Ұрпақтарымызға осындай киноларды көптеп көрсетіп, саналарын ұлттық рухпен сусындату керек!»,деп жазады пікір қалдырушылар.

 

 

Соңғы жаңалықтар