Алмас Көпжанов Атырау облысы цифрландыру және архивтер басқармасына басшы болды

None
Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы әкімінің өкімімен цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының лауазымына Алмас Көпжанов тағайындалды. Жаңа басшыны облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Алмас Көпжанов 1993 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Л.Гумилев Еуразия Ұлттық университетін құқықтану мамандығымен бітірген. Құқықтану және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жергілікті басқару магистрі.


Еңбек жолын мемлекеттік қызметтен бастаған. 2017-2019 жылдары Атырау облыстық жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасында, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы қаржылық есеп және персоналды басқару бөлімінде, кейін туризмді дамыту бөлімінде бас маман болған.

2019-2022 жылдар аралығында Атырау облысы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, 2022 жылғы тамыздан осы тағайындалғанға дейін Атырау облысы әкімінің аппараты жобалық басқару қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.

«Цифрландыру және архивтер басқармасы Әділет басқармасында тіркеліп, осы жылдың 18 тамызында құрылды. Аталған басқарманың функционалдық қызметі – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру. Жобалық басқару қызметін, архив істерін үйлестіру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді іске асырады», -деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Бердібек Таишев Атырау облысы білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне басшы болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар