Алмас Айтмұқаш: Президент азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға баса назар аударып отыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «Jas Otan» Жастар қанаты Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көтерген бастамаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы уақытта болған оқиғалар елдің кем-кетігін айқындай отырып, сын-сағаттағы күшіміздің берік екендігін көрсетті. Біз бұдан сабақ алуымыз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қиындықты өңгердік, ендігісі - алға мақсаттар қою, жоспарларды орындау» деді. Шыныменде ел тарихында бұралаң тұстар көбейіп кетті. Президентіміз жаңа Қазақстанның жаңа реформаларын жүзеге асыруға тапсырма берді», - деді Алмас Айтмұқаш.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында айтқан бастамалары халыққа көп үміт сыйлады. Елдегі азық-түлік, жұмыссыздық, қымбатшылық мәселелелері алдағы уақытта толығымен шешімін табатынына сенім ұялатты.

«Себебі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға басым назар аударылып отыр. Бұл ретте экономикалық саясаттың мақсаты айқын. Президент заман-талабына сай әлеуметтік бағдары бар, нарықтық экономика құру және дамыту қажеттігін мәлім етті. Негізгі міндеттерді орындау арқылы қиындықты еңсеріп, жеңіске жетуіміз керектігін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жұмыссыздық мәселесіне де тоқталды. Республика көлемінде жұмыссыз жастардың үлесі 3,7%-ды құрайды. Бұл мәселенің алдын-алу үшін нақты жобалардың, бағдарламалардың орындалуын қадағалауды тапсырды.

Жұмыссыздықтың азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына үлкен кедергі келтіретіндігі сөзсіз. Енді әрқайсымыз жұрт болып жұмылып, ел болып еңбек етуіміз аса маңызды деп білемін, - деді «Jas Otan» Жастар қанаты Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы.


Соңғы жаңалықтар