Алмания елшісі Қазақстандағы отандастарымен кездесті

None
None
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Елордада Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гидо Херц неміс диаспорасының өкілдерімен кездесті.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда саны аз немістердің 19 өкілдігі жұмыс істейді. Олар елдің барлық өңірлерінде бар. Осыған орай біз жылына бір мәрте бас қосып, бір-бірімізбен танысуға, толғандырар өзекті мәселелерді талқылауға тырысамыз», - деді ол.

Елшінің атап өтуінше, 2 күнге созылатын бұл шараның негізгі мақсаты респубилкада тұрып жатқан саны аз неміс халқының өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын ұмытпауына мұрындық болу.

«Бұл үшінші кездесу. Біз бұл шараны осыдан екі жыл бұрын Қазақстандағы Германия жылы аясында қолға алдық, нәтиже жаман емес. Сол уақытта өңірлердегі өкілдіктерімен байланысты жандандырдық. Ал өткен жылы Қазақстандағы Германияның кино күндерін ұйымдастырдық», - деді Елші.

Г.Херцтің атап өтуінше, республиканың барлық өңірлерін қамтыған шара барысында 15 мыңға жуық қазақстандық неміс киносын тамашаулауға мүмкінідк алды.

Сондай-ақ кездесу барысында бірлескен мақсаттарға қол жеткізудің мүмкіндіктері мен өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Тараптар, әсіресе, мәдениет саласындағы ынтымақтастыққа зор назар аударып, Қазақстанда неміс тілін қолдауға бағытталған жайттарды сөз етті.

Соңғы жаңалықтар