Алма туралы анимациялық фильм түсірілгелі жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақфильм» киностудиясының анимациялық кино-шығармашылық бірлестігінің басшысы Адай Әбділда алма туралы анимациялық фильм түсірілгелі жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күлтегін» фильмінде оқиға бойынша үш тайпа бар. Оның бірі - Шойынқара деген көсемі бар теміршілер тайпасы. Олар темір қорытып, қару-жарақ соғып, қала салумен айналысады. Бұл арада Елбасының мақаласында темір қорыту қазақ даласынан басталғаны туралы айтылғанын атап өту керек. Екіншісі, Тұмар деген қолбасшысы бар қыздар тайпасы. Олар - садақшылар әрі шөппен емдейтін емшілер. Бұл жерде  біз медицинадан да бұрыннан халқымыздың хабары бар екенін көрсеткіміз келді. Сол секілді «Күлтегінде»  көрсетілген фактілер кездеседі», - деді Адай Әбділда ҚР Мәдениет және спорт министрлінінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.

Адай Әбділда сонымен қатар алма туралы  жобаны да ойластырып жатқанын тілге тиек етті.

«Кезінде Әмен Қайдаровтың көзі тірі кезінде бір жоба бастаған.  Алматының тарихын, алманың қайдан шыққанын түсіру туралы арманы бар еді. Сол сценарийді қазір қолымызға түсіріп, тағы да бір қорытып жатырмыз. Қалай оны бүгінгі балаларға қызықты етіп, анимациялық тұрғыда көрсетуге болады? Бұл - уақытты қажет ететін ауқымды жұмыс, әрине. Бірақ, біз ол жұмысты бастағалы жатырмыз», - дейді Адай Әбділда.

Еске сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны» екенін атап өткен болатын.

«Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы - Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма - біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта  теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды», - дейді Президент өз мақаласында.

 

Соңғы жаңалықтар