Алма импортынан құтылу үшін 8,2 мың гектар алаңда 22 бақ салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай елімізде 22 алма бағы салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы алма импортының үлесі 99,4 мың тоннаны құрады. Ал өзіміздің өнімнен 262,8 мың тонна жиналды. Импортты толық алмастыру 2025 жылға қарай 8,2 мың гектар алаңда 22 бақша салу есебінен жоспарланып отыр», - деді министр.

Оның дерегінше, 2021 жылы шұжық өнімдері импортының үлесі 47 мың тоннаны, жергілікті өндіріс 60,7 мың тоннаны құрады.

«2025 жылдың соңына дейін ет өңдеу бойынша 24 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде жалпы өндірістік қуаты 87,4 мың тонна шұжық өнімдерін шығаратын 4 ірі кәсіпорынды іске қосу көзделген», - деді Ербол Қарашөкеев.


Соңғы жаңалықтар