+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Аллергиясы барларға вакцина салдыруға бола ма - аллерголог

2021 жылғы 18 тамыз 19:44
Бөлісіңіз:
Аллергиясы барларға вакцина салдыруға бола ма -  аллерголог

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшесі, аллерголог Рафаэль Розенсонның айтуынша, коронавирус вакцинасына аллергиясы бар кісілер өте сирек кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды Өскеменде вакцина алғандар арасында тұрмыстық техника ойнатылды Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 8 054 450 адам салдырды

«Қандай санаттағы азаматтарға екпе алуға болмайтындығы туралы сан мәрте рет айтылды. Бірақ «Егер вакцинаның бірінші компонентін алған адамда аллергия байқалса, оған екіншісі салына ма?» деген сауал көпшілікті мазалап жүр. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Бірақ менің қызметім барысында кездесті. Мәселен, «Спутник V» екпесінің бірінші компонентін алған әйелде аллергиялық реакция байқалған. Енді оған вакцинаның екінші компоненті салынбайды. Қазір біз ол әйелге құрамы жағынан қарсы көрсетілімдері жоқ басқа вакцинаны таңдап жатырмыз», - дейді Рафаэль Розенсон.

Оның айтуынша, аллергиясы бар адам вакцина алмас бұрын аллергиялық асқынуын емдетіп алғаны жөн. Бұл көбінесе маусымдық аллергияларға қатысты.

«Жаз шығып, айнала жасыл желекке оранғанда ел арасында «поллиноз» деп аталатын аллергия түрі ушығады. Енді оның аяқталуына да көп қалған жоқ. Содан кейін еш қорықпай вакцина ала беруге болады», - деді аллерголог.

«Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшесі Рафаэль Розенсон қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші күрт өсіп кеткендіктен тұрғындарды карантин шараларын бұзбауға және індеттен қорғануға мүмкіндік беретін жалғыз амал – вакцина алуға шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT