Аллергиясы бар адам вакцинаға қалай дайындалуы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аллергиясы бар адамдардың вакцина алардың алдында нені ескергені жөн? Белгілі аллерголог-иммунолог Рафаил Розенсонға Денсаулық сақтау министрлігі өткізген онлайн дәрісте осындай сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирус алғаш пайда болған кезде аллергиясы бар адамдардың мұрын және өкпе жолдарында, терісінде ашық қоздырғыш ошақтар болғандықтан, өзгелерге қарағанда коронавирус солар үшін көбірек қауіпті деген қауесет шықты. Бірақ кейін бәрімізді таңғалдырған мәлімет пайда болды. Басында бұл туралы ақырын ғана айтып жүрді. Кейін сенімді түрде айтыла бастады. Аллергиясы бар адамдар коронавируспен азырақ, жеңілірек ауыратын болып шықты. Аллергия дегеніміз – жанды қорғап, ауыр науқастың алдын алатын, келген аурудың асқындырмай, адамды жансақтау бөліміне түсіретіндей жағдайға жеткізбейтін фактор», - деген сарапшы бұл тұжырымын қарапайым мысалмен түсіндірді.

«Коронавирус адам ағзасына есік пен терезеден кіреді есептейік. Коронавирус үшін есік – ол АСЕ2 рецепторы. Ал терезе – серин протеазалары. Осы екі компонент те аллергиясы бар адамдарда басқа адамдарға қарағанды жабыңқы болады. Яғни, терезе мен есікте күзет бар деген сөз. Балалар неге коронавируспен сирек ауырады деген сұрақтың жауабы сияқты бұл да. Қысқасы, аллергиясы бар адамдардың ағзасына вирустың түсуі қиын. Ал балаларда бұл ауру неге жеңіл өтеді десек, «есік» пен терезе» әлі «ойылмаған»», - деді аллерголог.

Маманның айтуынша, аллергиясы бар адам екпе алардың алдында тыңғылықты дайындықтан өтуі керек.

«Аллергиясы бар адамдарға екпені қалай саламыз? Өте нақты жолы бар. Адамның денсаулық күйін барынша тұрақты қалыпқа жеткізу керек әуелі. Қуатты тәсілдердің көмегімен аллергия әсерін жойып тастау қажет. Мысалы есекжем аллергиясына қалыпты кезде антигистаминнің 1 таблеткасын тағайындасақ, қажет болған жағдайда рецепт нормасын 4 есеге көтере аламыз. Осылайша адамның денсаулығын тұрақты қалыпқа келтіріп барып, адамды антиаллергиялық диетаға енгізіп, дәл осы кезде вакцина егеміз», - деді Рафаил Розенсон.

Дегенмен, дәрігер вакцина алатын күні антигистамин ішу керектігі туралы ресми пайым жоқ екенін ескертті.

«Ресми түрде ішудің қажет жоқ делінеді. Бірақ мен өзім вакцинаның екі компонентті салғызған кезде де соны іштім. Әйелім мен ата-анама да вакцина егердің алдында бір сағат бұрын солай ішкіздім. Әйтеуір біздің үйде ешкім вакцинадан кейін кері әсер сезінген жоқ», - деп түйіндеді сарапшы.


Соңғы жаңалықтар