Алкоголь өнімдерін шығарумен айналысқан шымкенттік екі тұрғынға сот үкімі шықты

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Айыпталушылардың бірі 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылса, екіншісіне 1 531 500 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қаласының екі тұрғыны жасырын түрде алкоголь өнімдерін шығарумен айналысып келген. Олар «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы цехты және қаладағы Құрбан ата көшесінде орналасқан жер үйлердің бірін жалға алған. Олар «Родная степь», «Тау Эксклюзив», «Русская на бруньках» атауларын пайдаланып, алкоголь өнімдерін шығарумен шұғылданған.

«Шымкент қаласы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушылары мен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері бірлесіп, алкаголь өнімдерін шығарумен айналысқан жасырын цехтардың қызметін тоқтатты. Ол жерден «Родная степь», «Тау Эксклюзив», «Русская на бруньках» өнімдерінің 6 041 бос шөлмегі, 1200 дайын өнімдері және 18 қорап қақпақ, 2 тоннаға жуық спирт пен 20 270 дана түрлі бос шөлмектер жойылды», - делінген Шымкент қаласы Әділет департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар