+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алкогольден уланып өлген 15 адам: Қолдан ішімдік жасап сатқан үш күдікті ұсталды

2020 жылғы 5 шілде 00:50
Бөлісіңіз:
Алкогольден уланып өлген 15 адам: Қолдан ішімдік жасап сатқан үш күдікті ұсталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында пластик бөтелкеге спирттік ішімдік құйып сатқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Арқалық қаласында бір тәулікте этанолдан уланып қалған 11 адамның мерт болғаны хабарланды. Осы факт бойынша полиция ҚР ҚК 306-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Кейіннен Ақмола облысында тағы 4 адамның ішімдіктен уланып көз жұмғаны белгілі болды.

«Спирттен улану жағдайы Ақмола облысында да тіркелді. Онда 4 адам көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, кісі өлімі жалпы улану аясындағы жедел геморрагиялық панкреатиттен болған. Тергеу барысында Ақмола облысында спирттік ішімдікті саудаға шығарған цех анықталды. Цех ішінен сатылымға шыққалы тұрған зиянды ішімдік тәркіленді. Полицейлер Арқалық қаласындағы 4 дүңгіршектен 46 литр ішімдікті тапты. Бұған қоса, жергілікті кәсіпкерден 408 бес литрлік бөтелке табылды. Алайда кәсіпкер спирттік ішімдіктің едәуір бөлігін сатып жіберген. Осы дерек бойынша пластик бөтелкеге спиртті құйып, сатқан 3 күдікті ұсталды. Айта кетейік, бұл сұйықтық адам ағзасына аса қауіпті саналады», - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарь.

Полицейлердің айтуынша, қауіпті сұйықтық базарларда, жертөлелерде жасырын сатылуы мүмкін. Сондықтан тұрғындардың барынша сақ болғаны жөн.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT