Алқаптарға себілетін тыңайтқыштың 25,5%-ы СҚО-ға тиесілі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл егіс алқаптарына себілетін тыңайтқыштың 25,5%-ы СҚО-ға тиесілі. Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда министрлік егін жинау науқанын жүргізуге қажетті арзандатылған дизель мәселесімен айналысып жатыр.

Айта кету керек, ауылшаруашылық тауар өндірушілер дизельдің қажетті көлемін мемлекеттік ақпараттық жүйедегі модуль арқылы электронды жолмен сатып алады.

Мәселен, аталған жүйе арқылы 368,2 мың тонна отынға 28,5 мыңнан астам өтінім берілген. Қазіргі таңда министрлік жөнелту кестесін қалыптастыру үшін Энергетика министрлігіне жіберілетін жалпы өтінімді қалыптастыруда», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ, ол фермерлерді тыңайтқышпен қамдау мәселесіне де тоқталды.

«Биыл шамамен 704 мың тонна тыңайтқыш себу жоспарланған. Осы бағыт бойынша субсидиялар алу абғытындағы барлық проблемалар шешілді. Төлем өңірлерді қаржыландыру жоспары бойынша іске асуда.

Бүгінгі таңда фермерлерге 464,7 мың тоннадан астам тыңайтқыш жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 68,7 мың тоннаға артық.

Мұнда атап өтетін жайт 180 мың тонна тыңайтқыш немесе республикалық көлемнің 25,5%-ы Солтүстік Қазақстан облысында себу жоспарланған», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар