+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

«Алқаптан сөреге дейін»: Үш облыста 11 мың тонна өнім делдалсыз сатылған

2021 жылғы 17 наурыз 13:54
Бөлісіңіз:
«Алқаптан сөреге дейін»: Үш облыста 11 мың тонна өнім делдалсыз сатылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына берген жауабында агроөнеркәсіп кешенінде кооперацияны дамыту қалай іске асатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс өкілдері Елнұр Бейсенбаев, Юрий Жулин пен Ерлан Саировтың депутаттық сауалына берген жауабында Премьер-Минстр Асқар Мамин АӨК саласында кооперацияны дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.

«АӨК дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту бойынша заңнаманы жетілдіру, оның ішінде кооперацияны дамыту орталықтарын құру көзделген. Сондай-ақ кредиттік серіктестіктердің көрсетілетін қызметтерінің тізбесін кеңейту (жинақ ақшаларды қабылдау, аударым операциялары), қатысушылардың оған кіруі мен шығуын барынша оңайлату бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі мәселелер пысықталатын болады», - дей келе, Үкімет басшысы жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау үшін жайылымдармен, жем-шөппен қамтамасыз ету, өткізу нарықтарына қол жеткізу бойынша шаралар қабылданатынын айтады.

Соның негізінде ауыл шаруашылығы кооперациясын, оның ішінде өндірістік, тұтыну, сервистік және қаржы кооперативтерін дамыту үшін жағдайлар жасалмақ.

«2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы,

Жамбыл және Түркістан облыстарында ауылда «алқаптан сөреге дейін»

кооперациялық тізбегін дамыту жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды. Үкімет

резервінен 3 млрд теңге сомасында бюджеттік кредит бөлінді. Жобаға 2500 жеке қосалқы шаруашылықтың басын қосқан 15 ауыл кооператив, 8 қайта өңдеу кәсіпорны, 141 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және 82 сауда объектісі тартылды. Үш облыста 11 243,7 тонна өнім және 5 205 мың дана жұмыртқаны делдалдардың қатысуынсыз өткізу ұйымдастырылды», - делінген Прмьер-Министрдің жауабында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT