+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Әлия Назарбаеваның қоры Қытайдан 233 оттегі концентраторын сатып алды

2020 жылғы 12 тамыз 16:16
Бөлісіңіз:
Әлия Назарбаеваның қоры Қытайдан 233 оттегі концентраторын сатып алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлия Назарбаеваның қайырымдылық қоры 233 оттегі концентраторын сатып алды. Медициналық жабдықтары бар қайырымдылық жүк Қытай шекарасынан өтті, енді бұл жүк алушылардың мекенжайларына жіберіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Емдеу үшін өмірлік маңызы бар аппараттар Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар 17 ауруханаға жіберіледі. Қор логистика бойынша мониторинг жүргізеді және 17 аурухананың әрқайсысымен оттегі концентраттарын уақтылы және қауіпсіз жеткізу бойынша тығыз жұмыс жүргізеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тыныс алу аппараттарына мұқтаж медициналық мекемелердің тізімін ұсынды.

Оттегі концентраторы өкпе ауруларын емдеуде сығылған оттегіге қауіпсіз балама ретінде қолданылады. Аппарат оны пациентке жоғары концентрацияда - 90-95% мөлшерде береді. Айта кету керек, ауада оттегінің мөлшері шамамен 20% құрайды.

«Біздің гуманитарлық көмек дәрігерлерге короновируспен күресте көмектеседі деп шын жүректен үміттенемін және дұға етемін, сондай-ақ Қытайдан Қазақстанға өмірлік маңызды аппараттарды тасымалдауға қатысқан барлық адамдарға алғыс білдіргім келеді» - деп жазады Әлия Нұрсұлтанқызы Instagram-да.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық пандемия кезінде Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның қоры халыққа азық-түлік себеттері, дәрі-дәрмектер, киім-кешек сертификаттары, сондай-ақ балаларды қашықтан оқыту үшін ноутбуктер сатып алу түрінде бірнеше рет қайырымдылық көмек көрсеткен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT