+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Әлия Назарбаева қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді жұмысы үшін марапатталды

2020 жылғы 5 маусым 16:45
Бөлісіңіз:
Әлия Назарбаева қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді жұмысы үшін марапатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Экологтер және бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан мен Алматының экологиясын жақсартатын жол картасы әзірленді 13 тамызда үш қалада ауа сапасы нашарлайды Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енгізілген балық аулаған браконьерлер ұсталды

Коронавирус пандемиясына қатысты елдегі жағдайды ескере отырып, аймақтардағы ведомстволық бағынысты ұйымдар мен аумақтық бөлімшелер Zoom платформасы арқылы қосылды.

Экология министрі М. Мырзағалиев құттықтау сөзінде халықты қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, флора мен фаунаның бірегей түрлерін сақтауға, экологиялық жауапты сананы қалыптастыруға шақырды.

«Экологтардың басты міндеті – біздің жерімізді сақтау, оның байлығы мен ұрпақтарымыз үшін қайталанбастығын ескеру. Қоршаған ортаға қамқорлық – бұл біздің тәуелсіз мемлекетіміздің кез келген тұрғынының парызы. Сіздерді Экологтар және бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтаймын!», – деді М. Мырзағалиев.

Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облыстық жануарлар және өсімдіктер дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженов қоршаған ортаны сақтауға үлес қосқаны, браконьерлікпен күрескені үшін Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді және жемісті жұмысы, жоғары кәсіби қасиеттері мен Қазақстанның табиғи байлықтарын сақтауға, қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіруге қосқан жеке үлесі, жаңашылдық пен бастамашылық, халық арасында экологиялық қозғалысты танымал ету жөніндегі жетістіктері үшін «Экология саласының үздігі» төс белгісімен – «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Президиумының төрайымы Әлия Назарбаева, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфухар Жолдасов, «Қазгидрометтің» экология департаментінің директоры О. Корнюхова және Қарағанды облыстық экология мұражайының департаментінің директоры Д. Калмыков марапатталды.

Қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен экобелсенділер - А.С. Соловьева, С.Т. Рақымбекова, Е.Н. Абақанов, А. Сахарияновалар құрмет грамотасы және алғыс хатпен марапатталды.

«Құрметті әріптестер, бүгін ведомствалық марапаттарға әр саланың дамуына, яғни мемлекетіміздің дамуына күнделікті үлес қосып отырған адамдар ие болады. Бізбен қатар, біздің құрметті ардагерлер, құрметті демалысқа шыққаннан кейін де ел игілігі үшін еңбек етіп жүргендері қуантады. Жыл сайын қоршаған ортаға ұқыпты қараудың осындай лайықты мысалдары бізде көп, ал марапат әрқашан өз батырларын табады» - деді экология министрі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT