Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы сатылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі халықаралық әуежай сатуға шығарылды. Алғашқы құны – 7,3 миллиард теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021-2025 жылдары аралығында Ақтөбе облысында 23 коммуналдық мекеме жекешелендіріледі.

Оның 12-сі биылға жоспарланған.

«Жекешелендірілетін нысандардың бірі - Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы. Қазір құны 7,3 млрд теңгеге бағаланып тұр. Оны бағалау компаниясы анықтады. Бәрі заңға сәйкес. Сату-сатып алу электронды түрде жүргізіледі. Портал өзі анықтайды», - деді Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлыбек Өнербаев.

Оның айтуынша, 2020 жылы әуежайдың табысы 300 миллион теңге болған.

Айта кетейік, әуежай 2019 жылы облыс әкімдігінің меншігіне берілді. Биыл әуежайға Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың аты берілді.
Соңғы жаңалықтар