Әлия Бекқожиева: Сақтық шаралары – жақыныңа жанашыр болудың үлгісі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қазір Қазақстанда да коронавирус инфекциясы өршіп барады. Осыған байланысты елімізде қатаң шектеу шаралары енгізіліп отыр. «Атырау облысының азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Әлия Бекқожиеваның пікірінше, бұл – халықтың денсаулығын қорғау үшін ең қажетті шара.

Сол себептен, қатаң шектеу шараларын сақтауға баршамыз мүдделі болуымыз керек. Біз сонда ғана қауіпті індеттің бұдан да көп таралуына жол бермейміз.

Әлия Бекқожиеваның айтуынша, коронавирус инфекциясының таралуы сақтық

шараларының сақталмауынан болып отыр.

«Өйткені, Төтенше жағдай мерзімі аяқталып, шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетілген

кезде көпшіліктің сақтық шараларын сақтауды елемегені жасырын емес. Әрине, пенде

болған соң, жұрттың ағайын-туысына, дос-жаранына амандығын білу үшін барғанына түсіністік танытатындар көп шығар. Алайда, олардың арасында маска тағуды қажет етпегендер кездесті. Ал, мұндай жағдайда жақыныңа жанашыр болу мәселесі ұмытыла

бастайды. Тіпті вирустың барына сенімсіздік білдіргендердің өздері де ауырып қалып

жатыр. Демек, елімізде енгізілгелі отырған қатаң шектеу шараларына түсіністікпен

қарауымыз қажет. Қатаң шектеу шаралары біріншіден, халықтың денсаулығын сақтау

үшін қажет. Екіншіден, әрқайсысымыздың қоғам алдындағы жауапкершілігімізді сезіну

үшін қажет», -дейді Әлия Бекқожиева.

Оның пайымынша, өзінің, отбасы мен туған-туысының, жалпы, елдің келешегін ойлаған әр адам қауіпті індеттен қорғану үшін сақтық шараларын қатаң сақтауы тиіс.

«Қатаң шектеу шаралары –халықтың денсаулығын қорғау, әрі сақтау үшін қолға алынған

ең қажетті қадам. Себебі, біздің еліміздің басты байлығы –халқы мен оның денсаулығы.

Демек, әркім өзін елдің басты байлығы ретінде сезініп, қоғам алдындағы жауапкершілігін

ұмытпауы керек. Сондықтан, қатаң шектеу шараларын сақтауға баршамыз мүдделі болуымыз қажет. Біз өзіміздің, отбасымыз бен ағайын-туысымыздың амандығы үшін, індеттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін сақтанатын болсақ, бұл қиындықты бірге

еңсереміз. Әрқайсымыздың, отбасымыз бен ағайын-туыстың, дос-жаранның амандығы–тұтас елдің амандығы! Жақыныңа жанашыр болудың бір үлгісі – сақтық шараларын қатаң сақтау. Бұл –біздің қоғам алдындағы жауапкершілігіміз», -дейді «Атырау

облысының азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Әлия Бекқожиева.


Соңғы жаңалықтар