Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Әлішер Каримов «Ереван шақырады» байқауында жүлдегер атанды

2012 жылғы 25 қазан 12:01 3
Бөлісіңіз:
Әлішер Каримов  «Ереван шақырады» байқауында жүлдегер атанды

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Арменияда өткен байқаудан отан­дасымыз үшінші орын жеңіп алды. Ал бас жүлде израильдік аруға бұйы­рыпты.

Бірінші орын Украина әншісінің қанжығасына байланса, грузиялық үміткер екінші орынды олжалады, деп жазады «Айқын» басылымы.

Байқау шарты бойынша, әр қаты­сушы үш әннен дайындап келген. Ал­дымен қазылар алқасы мен көрермен­дер сынға түсушілердің әлемдік таны­мал туындыларды қалай шырқайты­нын сынап көрген. Одан кейін әр орын­даушыға өз елінің үздік әнін паш етуге мұрсат берген. Соңынан ақтық бәйгеге іріктеліп шыққандар армян ті­лінде мүмкіндіктерін байқаған. Әлі­шер тарту еткен Төлеген Мұхамеджанов­тың «Іңкәрім-ай» әнін шетелдіктер үл­кен ықыласпен қабылдаған көрінеді.

Естеріңізде болса, ол бір жыл бұрын жиырмасыншы мәрте өткен халықара­лық «Витебск-2011» эстрадалық әндер байқауында да өнер көрсетіп, үшінші орынды иемденген болатын.

Ал «Ереван шақырады» байқауы биыл бірінші рет қолға алынып отыр. Ауқымды шара Армения астанасының 2794 жылдығына арналыпты.

Дүбірлі додаға Украина, Белоруссия, Мальта, Эстония, Латвия, Литва, Қа­зақстан, Израиль, Польша, Испания, Ру­мыния, Грузия, Ресей, Молдова, Бол­гария, Ұлыбритания сияқты мемлекет­тің жастары жиналған. Олардың басым бөлігі «Евровидение», «X-factor» жоба­ларына қатысып, тәжірибе жинақ­та­ғандар. Жүлде қорына тоқталсақ, аз да емес, көп те емес, 20 мың долларды құ­ра­ған. Жеңімпаздар қомақты қаржымен қоса, заттай бағалы сыйлықтармен, арнайы дипломдармен марапатталған. Армян тілінде үздік ән салған үміткерге арнайы жүлде тағайындалыпты.

Әлішер еліміздің атын асқақтатып қана қоймай, өз тыңдармандары үшін «Тағы да» деп аталатын альбомын жа­рыққа шығарды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT