+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Әліпби ауыстырудан саяси астар іздеушілер қателеседі - Ерден Қажыбек

2017 жылғы 11 қыркүйек 10:49
Бөлісіңіз:
Әліпби ауыстырудан саяси астар іздеушілер қателеседі - Ерден Қажыбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әліпби ауыстырудың негізгі себебі - таза тілдік қажеттілікке тікелей байланысты. Бұдан саяси астар іздеушілер қателеседі». Бүгін Мәжілісте өтіп жатқан «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау кезінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бұл тек қана тілдің реформасы емес - діл реформасы, жанымыздың жаңғыруы, маңызды стратегиялық бағдарлама; болашағымыздың тізгінін өз қолымызға алудың, Президент сөзімен айтсақ, «болашаққа бағдар», «рухани жаңғырудың» өзегі, Қазақстанның 30 дамыған елдің қатарында сап түзеуінің жарқын кепілі.

Одан бөлек маман бұл бастамаға тек қазақстандықтар ғана емес, сырттағы отандастарымыз да тілеулес болып отырғанын айтты.

«Ұлт көшбасшысы, Елбасы тапсырмасына сәйкес бұл келелі мәселе қалың жұртшылықтың белсене қатысуымен белсене қатысуымен іске асырылуда. Елдің түкпір-түкпірінен, шетелден, ауылдан да, қаладан да, халық қалаулылары мен мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар мен зейнеткерлер, жастар мен сырттағы отандастарымыз - бәрі де өз үлестерін қосуға тырысуда, бәрі де баталарын беріп, тілеуін тілеуде, хаттарын жазып, жобаларын жолдауда. Кеңесіп пішкен тон келте болмайды дейді халқымыз. Біз ғылыми ортада, зиялы қауым өкілдері арасында көптеген басқосулар ұйымдастырдық. Ұлттық комиссияның жұмыс тобының бастамасымен жиырмадан астам ғылыми ұйымдастыру және ғылыми тәжірибелік іс-шаралап өтіп, оларға екі жарым мыңға жуық зиялы қауым өкілдері баяндама жасады», - дейді Ерден Қажыбек.

Ерден Қажыбектің айтуы бойынша, қуантатыны - бүгін қазақстандықтардың басым көпшілігі осы үрдісті сана-сезімімен, жан-тәнімен қолдайды. Мәселен, белгілі отандасымыз профессор Мұрат Сұлтаншәріпұлы, Ресейдегі отандасымыз түрколог Еркали Әзербаев, депутат Азат Перуашев қолдайды. Көптеген шетел ғалымдарынан, Еуропа мен АҚШ-тан, Түркия мен Кореядан ұсыныстар, жобалар, хаттар келіп жатыр. Ерден Қажыбек негізгі мақсат - тілдік қажеттілікке тікелей байланысты екенін ерекше атап өтті.

«Мен бұл жерде латынға бізден бұрын көшкен түркі тектес мемлекеттер мен Еуропадағы елдердің тәжірибесі мұқият сарапталғанын атап өткім еледі. Кемшіліктер анықталып, артықшылықтар тізілді. Кейбір тілдерде маңызды дыбыстар маңызды дыбыстар ескерілмей түсіп қады, кейбір тілдерде ғылыми әдістеме жасау реформалары тоқырап қалды. Ал кейбіреулерінде науқаншылдық басым болды. Бізде бұның бәрі жан-жанқты ескерілуде», - дейді Ерден Қажыбек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT