Алина Дауранова Әлем кубогінің алтын медальін жеңіп алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық конькимен жүгіруші Алина Дауранова Германияның Инцель қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің финалында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, ол 1000 метр қашықтықты 1 минут 17,98 секундта жүріп өтті. Бұл нәтиже оған бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді.

Нидерландыдан келген спортшы Пьен Херсман күміс медаль иеленді, ал итальяндық Серена Паркер үштікті түйіндеді.

«Бұдан бөлек, Алина Дауранова 1000 метр қашықтықта жалпы есепте жеңімпаз атанды. Дәл осы қашықтықта жалпы есепте қазақстандық Никита Важенин үздік нәтиже көрсетті», - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, жарысқа 28 елден 218 спортшы қатысуда.

Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы 5 ақпанда аяқталады.


Соңғы жаңалықтар