Әлімжеттік жасаған оқушыларға қатысты тергеу амалдары басталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -Түркістанда әлімжеттік жасаған мектеп оқушыларына қатысты тергеу амалдары басталды. Бұл туралы бүгін қалалық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін әлеуметтік желіде тараған № 31, №18, №11 орта мектептің 9-сынып оқушыларының арасындағы әлімжеттік барлығымыз үшін күтпеген жағдай болып отыр. Төбелеске қатысушылар толық анықталып, полиция тарапынан тергеу жұмыстары басталды. Оқиға қаламыздағы мектептің 9-сынып оқушылары арасында сабақтан тыс уақытта, яғни кешкі сағат 17:00 шамасында болған. Тергеу барысында ата-аналардың, мектеп басшыларының және ювеналды полиция тобының жауапкершіліктері қаралуда», - деді Ақмарал Батырбекова.
null

Оқиға облыстық білім басқармасының, облыстық Полиция департаментінің қатаң бақылауына алынған.

Еске салсақ, әлеуметтік желілерде бір топ мектеп оқушыларының төменгі сынып оқушыларына әлімжеттік жасап, ұрып-соққаны туралы видео тарап кетті. Бұл оқиғаға қатысты Ішкі істер министрлігі жауап беріп, әлімжеттік жасағандардың анықталғандығы туралы хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар