Әлімхан Сыздықов грек-рим күресінен Азия біріншілігінде алтын медаль алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Азия чемпионатында грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов ел құрамасынан алғашқы алтынға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол финалда 130 келі салмақта оңтүстіккореялық Ким Мин Сокпен кездесті. Қазақстандық балуан жарыстың алғашқы сатысында қарсыласынан 9:0 есебімен басым түсті.

Осылайша жеңіске ертерек қол жеткізді. Өз салмағында Азия чемпионы атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Аманғали Бекболатов (55 келі), Мейрамбек Айнағұлов (63 келі) и Мақсат Ережепов (77 келі) күміс медаль алды.

Ал Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) жұбаныш финалында қарсыласын жеңіп, қола жүлдегер атанды.

Жарыс кестесіне сәйкес ертең, 20 сәуірде 60, 67, 72, 82 және 97 келідегі спортшылар бозкілемге шығады.

Азия чемпионатында ел намысын 10 балуан қорғауда.


Соңғы жаңалықтар