«Алиментариус Кодексі» комиссиясының үйлестірушілік рөлі талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде «Алиментариус кодексі» комиссиясының Еуропалық өңір бойынша Үйлестіру комитетінің ФАО/ДДСҰ іс-шараларын бірлесіп іске асыру» тақырыбында ұлттық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында Қазақстанның «Алиментариус кодексі» комиссиясының Еуропалық өңір бойынша үйлестіруші ретіндегі рөлі талқыланды.

Конференция жұмысының барысында қатысушылар елдің экспорттық әлеуетін арттыру, отандық өнімді әлемдік нарыққа жылжыту және халықаралық жаһандық экономикаға интеграциялау, сондай-ақ бизнесті барынша қолайлы жүргізу үшін тағамдық стандарттарды үйлестірумен қолдану бөлігінде Кодекстің құралдарын қолдану мәселелері бойынша пікір алмасты.

Атап айтқанда, «Алиментариус кодексі» стандарттары тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету және тамақ өнімдерінің адал халықаралық саудасын дамыту қауіпсіздігінің кепілі болып табылады. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасының бұзылуы денсаулық сақтау және әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қосымша шығындарына, жаппай инфекциялық және инфекциялық емес ауруларға әрі халық өмірі сапасының жалпы төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Қазақстан Женевада (Швейцария) Алиментариус кодексі комиссиясының 40-шы сессиясында 2018-2019 жылдарға Алиментариус кодексі Комиссиясының Еуропа бойынша ФАО/ДДСҰ Үйлестіру комитетінің жаңа өңірлік үйлестірушісі болып сайланды. Осы халықаралық ұйым мүшесінің мәртебесі елімізге нарықтық қатынастар жағдайларында барынша жоғары бәсекелестік тұрақтылықты, сондай-ақ ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша халық үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кодекстің тағамдық стандарттары тәуекелдерді бағалау жөніндегі тәуелсіз халықаралық ұйымдардың және ФАО мен ДДСҰ құрған мамандандырылған консультациялық орталықтардың көмегімен ең соңғы ғылыми зерттеулер негізінде әзірленеді.

Айта кетейік, Кодекс ФАО/ДДСҰ-ның бірлескен үкіметаралық органы болып табылады. Ол өңірлік қағидат бойынша 6 үйлестіру комитеттен тұрады (Африка, Азия, Еуропа, Таяу Шығыс елдері, Латын Америкасы және Кариб өңірі, Солтүстік Америка елдері). Кодекстің миссиясын іске асыру үшін жалпы мәселелер және тауарлар бойынша 17 комитет, микробқа қарсы тұрақтылық бойынша арнайы үкіметаралық жұмыс тобы және ғылыми-зерттеу базасы жұмыс істейді. Қазақстан 2003 жылдан бастап Еуропа бойынша ФАО/ДДСҰ  Үйлестіру комитетінің мүшесі болып табылады, оның құрамына Еуропалық өңірдің және Орталық Азияның 52 елі кіреді.

1965 жылы Еуропалық комитет құрылған сәттен бастап 53 жыл ішінде Австрия, Польша, Словакия, Швеция, Швейцария және Нидерланд Корольдігі сияқты елдер үйлестірушісі болған.

Соңғы жаңалықтар