Алимент төлемеген 600-ден аса алматылық борышкердің ісі сотқа жіберілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алимент төлемеген 610 алматылық борышкердің ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Прокурорлық араласудың арқасында 140 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 25-і бірнеше тәулікке қамалды. Сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген 610 борышкерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін анықтау бөлімінде материалды тіркеу жұмыстары басталды. 4 борышкерге қатысты ҚР ҚК 425 бабы бойыншы қылмыстық іс қозғалды. Айта кету керек, биыл жыл басынан қолданысқа енгізілген жаңа Қылмыстық Кодекстің 139-бабына сәйкес үш айдан артық уақыт ішінде алимент төлемеген азаматтардың 2 жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қалалық прокуратура барлық борышкерлермен әңгіме жүргізіп, құны 1,1 млрд. теңге болатын 1611 атқару ісін тіркеді. Сондай-ақ қарызын өтемеген 12 мың борышкерге Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар