+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алимент өндіре алмай жүргендерге 1 млн теңгеге дейін ақша беріледі

2020 жылғы 15 шілде 18:50
Бөлісіңіз:
Алимент өндіре алмай жүргендерге 1 млн теңгеге дейін ақша беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрі Марат Бекетаев «Алимент төлеу қорына» қаражат жиналып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алимент төлеу қоры» атты жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының жанынан арнайы әлеуметтік қор құрылды. Қазіргі таңда тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін осы қорға қаражат жинау кезеңі өтіп жатыр. Бұл ақшаны таратпас бұрын оны алдымен жинап алайық деп отырмыз», - деді Марат Бекетаевқа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қорға жиналған қаражат арнайы тәртіппен таратылады.

«Алимент алуы тиіс азаматтардың бәріне бірдей ақша беру мүмкін емес екенін бірден айтайын. Себебі ақша бәрінің қажеттілігін өтеуге бәрібір жетпейді. Сыйлы әрі абыройлы адамдардан тұратын арнайы комиссия құрылды. Оны бұрынғы сенатор Серік Байсейітұлы Ақылбай басқарады. Оның құрамындағы мүшелердің тізімін жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының сайтынан көре аласыз. Нақты сол адамдар кімге қандай көмек берілетіні туралы шешім қабылдайды. Қаражат тек мұқтаж азаматтарға беріледі», - деді ол.

Оның сөзінше, бір адамға 1 миллион теңгеден артық берілмейді.

«Нақты шешімді қорға қаражат жинау жұмысы аяқталғаннан кейін қабылдаймыз», - деді Марат Бекетаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT