Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Алик Шпекбаев жұмысты сағат 8:30-да бастауға қатысты түсінік берді

2019 жылғы 18 сәуір 19:01 1737
Бөлісіңіз:
Алик Шпекбаев жұмысты сағат 8:30-да бастауға қатысты түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қызметкерлерінің жұмыс уақытындағы өзгерістерге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемқызмет саласында «Жаңа формация жетекшісі» оқу бағдарламасы енгізіледі Қазақстан мемлекеттік қызметтің инновациялық моделін енгізіп жатыр - Айгүл Шайымова

«Қызметкерлерге қамқорлықпен қарау - ол жұмыс тиімділігін арттыруға ұмтылған кез келген жұмыс берушінің басымдығының бірі. Осындай құндылық табысты шетелдік меморгандарға да тән. Мемқызмет саласындағы үздік тәжірибелерді ескере отырып, біз қанатқақты режімде Агенттік жұмысының жаңа кестесін енгізудеміз. Орталық аппараттың азаматтық блогында және өңірлердегі біздің бөлімшелерде жұмыс күні таңғы сағат 8:30-да басталып, 17:30-да аяқталады», - деп жазды А. Шпекбаев Фейсбуктегі парақшасында.

Осы орайда ол көптеген Еуропалық елдерде кеңселер сағат 7:00-8:00-де ашылатынын еске салды. Сәйкесінше, Ұлыбританияда қызметкерлер жұмыс күнін сағат 17:00-де, ал Швейцарияда 16:00-де аяқтайды. Мемлекеттік қызметшілерге түскі асқа жарты сағат қана уақыт беріледі.

«Бізде түскі асқа берілетін үзіліс бір жарым сағат деңгейінде. Біздің алқалы шешім бойынша бір сағат та жеткілікті болады дегенге тоқтадық. Яғни, осы жаңа тәртіпті сынақтан өткізіп көрген дұрыс болар. Осы арқылы біз 8 сағаттық жұмыс кестесін сақтай отырып, түскі ас уақытын қысқартамыз және жұмысқа жарты сағат ерте шығамыз. Осы орайда қызметшілер тиісті басымдыққа ие болады», - деп түсіндірді агенттік басшысы.

Біріншіден, жұмысқа жарты сағатқа ерте келген кезде жолдардағы көлік кептелісі айтарлықтай көп болмайды.

Екіншіден, жұмыстан сағат 17:30-да шыққаннан кейін жеке өмірге арналған уақытты тиімді теңгеруге мүмкіндік туады. Яғни, отбасыға көбірек көңіл бөлуге, серуендеуге уақыт болады. Сонымен қатар кешке тіл үйрену курстарына, спортзалға бару тиімділігі байқалады.

«Қызметшілер риза болса, онда олардың отбасындағы көңіл-күй де көтеріңкі болатыны анық. Ал жақсы күш-жігер жұмыста ынталандыруға әрі тиімділікке міндетті түрде оң әсер етеді. Әзірге, осындай режім тек агенттікте енгізіледі. Осы орайда міндетті түрде қанатқақты жобаның нәтижелері туралы баяндап беремін. Бұл қадам сәтті болса, бұл жұмыс кестесін өзге де мемлекеттік органдарға ұсынамыз», - деді Алик Шпекбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қызметкерлерінің жұмыс уақытын өзгертті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT