Алик Шпекбаев: Жемқорлықпен күрес жұмыстарына ғалымдар да атсалысуы керек
2020 жылғы 7 қазан 12:54

Алик Шпекбаев: Жемқорлықпен күрес жұмыстарына ғалымдар да атсалысуы керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6 қазан күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Ғылыми сарапшылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шараға Алик Шпекбаев төраға болды және оған Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, Академиялық адалдық лигасы, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысты.

Шараның мақсаты - Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру.

Кеңес жұмысының негізгі бағыттары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді талдау, бейімдеу және енгізу мақсатында проактивті ғылыми-кәсіби қоғамдастықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды кешенді ғылыми-сараптамалық бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жобалық ұсыныстарды әзірлеу.

Агенттіктің жаңа консультативтік-кеңесші алаңы Ұлыбританиядағы қазақстандық PhD қауымдастығының және әлемнің басқа да жетекші жоғары оқу орындарының жүзден астам жас ғалымдарының басын біріктірді.

Алик Шпекбаев өз сөзінде атап өткендей, біздің жас ғалымдар, шетелдің үздік университеттерінде білім алып, қызмет етіп жүрген ғылым докторлары еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға дайын.

«Тек бюджет есебінен ғана «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде бүгінде 150-ге жуық PhD докторы білім алған және қазіргі уақытта да осыншасы білімін жетілдіруде.

Google, Deloitte, Facebook және басқа да үздік компанияларда жұмыс істейтін, идеялар ұсынуға дайын мамандардың арасында жас қазақстандықтар аз емес. Әлеует бар және оны елдің одан әрі дамуына, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытқа бағдарлау керек», – деді Агенттік төрағасы.

Ол, бірлескен жұмыстың мақсаттары мен міндеттері ретінде дамыған мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттарын қолдану практикасын зерделеуде, оларды біздің республикамызда іске асыру тетіктерін әзірлеуде ғалымдардың жәрдемдесуі қажет екенін атап өтті.

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дауленов өз сөзінде мемлекеттік органдардың қызметінде қазақстандық ғалымдардың тәжірибесі мен білімін қолдану тәсілдерінің дұрыстығын белгілей отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ғылыми қауымдастықтың ынтымақтастығын қолдады.

Өз кезегінде Ұлыбританиядағы қазақстандық PHD қауымдастығының президенті, Кеңес басшысы болып сайланған Әлия Сембаева қауымдастықтың табысты тәжірибесі негізінде, оның жұмысының пайымын таныстырды. Өз сөзінде ол ашық, бәсекеге қабілетті және достық тәжірибелер негізінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруға ғылыми негізделген тәсілді енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Отырыс барысында PhD докторлары мен докторанттары, оның ішінде Австралия, Ұлыбритания және басқа еуропалық елдердің іс-шараға онлайн қатысушылары жекелеген бағыттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.

Мәселен, Satbayev University инновациялар жөніндегі басқарушы директоры Шыңғыс Черниязданов еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орнының атынан қатысушыларға Қазақстандағы ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылы бойынша тәсілдерін жеткізді. Сондай-ақ Президенттің ҒЗТКЖ-ға қатысты тапсырмаларын орындау бойынша ұсыныстарын ұсынды. Спикер елімізде талантты ғалымдар үшін және қазақстандық ақыл-ойды шетелден тарту үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына назар аударды.

Кеңес сарапшылары жұмыс істей бастаған тағы бір жоба – жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі. Отырыс барысында әлеуметтік зерттеулер негізінде, шешу жолдарын кеңестің сарапшылар тобы ұсынды (Арман Рахимов, Анар Мұхтарова. Гүлшат Түсіпова, Мөлдір Қабылова).

Өз тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күресушілер әзірленген ұсыныстарды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдайды.

Агенттік, ғылыми қоғамдастықпен сындарлы өзара іс-қимыл еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT