Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі бүгін Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевты Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындау жөніндегі Жарлығын жария етті.

А.Ж. Шпекбаевты Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы қызметіне тағайындау туралы

Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 14 маусым

№ 15

Соңғы жаңалықтар