Алик Шпекбаев ШҚО-да жүзге жуық әкіммен кездесті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Іссапар барысында ол өңірде құрылған ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының қызметімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өскемен қаласындағы филиал елімізде мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесін құру аясында ашылды және ол өңірдегі мемқызметшілерді кәсіби дамыту орталығына айналмақ. Орташа алғанда, филиал базасында жыл сайын облыстағы мемлекеттік органдардың 2500 қызметкері қайта даярлау мен біліктілік арттыру курсынан өтіп тұрады.

Сондай-ақ, академия филиалы мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті қолдану мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетеді. Бұл үшін қажетті инфрақұрылым мен профессор-оқытушылық әлеует бар. 

Алик Шпекбаев облыс әкімі Даниал Ахметов бастама жасаған «Шығыс Қазақстан облысындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту контекстінде оқыту тәсілдерін трансформациялау» атты білім беру жобасының қатысушыларымен де кездесті. Аталған жоба шеңберінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауыл округтері мен кенттердің 98 әкімі жобалық басқару дағдылары бойынша оқытудан өткен болатын.

Кездесу барысында әкімдер ауыл және қала аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына, жергілікті бюджетті қалыптастыру мен коммуналдық меншікті басқаруға бағытталған жобаларын таныстырды. Агенттік төрағасының қолдауымен аталмыш жобаларға старт берілді. 

Мұндай озық тәжірибе мемлекеттік басқарудың инновациялық құралы ретінде тұрақты негізде пайдаланылады. 

null

Соңғы жаңалықтар