Алик Шпекбаев министрлерге жемқорлықты ашып айтуды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселені ашық мойындаған Қорғаныс министрінің әрекетінен үлгі алуды басқа органдардың басшыларына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бойынша жұмысы өз нәтижесін беруде, алайда, бұл процесте маңызды рөлді барлық мемлекеттік органдар да атқаруы қажет.

Мемлекет басшысы атап айтқандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелерінде басшылардың жауапкершілігін арттыру маңызды. Осы ретте, кеше әскери қызметкерлерге Қазақстанның қарулы күштерінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы үндеу жолдаған Нұрлан Ермекбаевты қолдағым келеді», деп жазды Алик Шпекбаев Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, елімізде екінші жыл қатарынан сыбайлас жемқорлық оқиғалары төмендеп келе жатыр, алайда соған қарамастан, министр (Қорғаныс министрі - авт.) көтерген мәселелер барлық күштік құрылымдар үшін әлі де өзекті болып отыр екен.

«Мәселені ашық мойындау және оны жою туралы ниет - жетістікке қол жеткізудің маңызды бөлігі болып табылады. Басқа басшыларға қорғаныс министрінің әрекетін неге үлгі ретінде алмасқа!?», деді агенттік төрағасы.

 

Соңғы жаңалықтар