+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілер арасындағы бәсекелестік туралы айтты

2018 жылғы 5 қазан 12:50
Бөлісіңіз:
Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілер арасындағы бәсекелестік туралы айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілер арасындағы бәсекелестік туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ынталандыру шаралары мен жалақыны көтеру арқасында мемлекеттік қызметшілердің жұмысында тұрақтауы өсті. Сонымен қатар олардың арасында бәсекеге қабілеттілік артты», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы барысында.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақасы 2-2,5 есеге артты.

«Оңтайландыруды есепке ала отырып, үштен бір бөлікке қызметтік кеңселер аумағы қысқаруы ықтимал. Біз бірнеше мемлекеттік құрылымдарды оңтайландыруымыз керек, әсіресе аудандарда бір ғимаратқа орналастыру бойынша. Қазіргі уақытта олар елді мекендердің әр жерінде орналасқан. Сондықтан ғимараттарды күтіп, ұстауға қомақты қаржы жұмсалады», - деді Шпекбаев.

Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл бағыттағы шаралар мемлекеттік қаржыны үнемдеуге алып келетінін атап өтті. Сонымен қатар Президент қызметінен қысқарып қалғандарды да назардан тыс қалдырмай, жұмысмен қамтылуына қолдау жасау керектігін тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Елбасы Жолдауы 2018,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT