Алик Шпекбаев: Қоғам белсенді араласпаса, сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Алматы облысына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-сапар аясында агенттік төрағасы Талдықорғандағы Салтанат сарайы ғимаратында қоғаммен, блогерлермен, бизнес-қоғамдастықпен және БАҚ өкілдерімен ашық диалогқа негізделген кездесу өткізді.

Іс-шара мақсаты Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде азаматтық қоғаммен сындарлы диалог құру.

Алик Шпекбаев бүгінде қоғамның белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты азайту, жою мүмкін емес екенін атап өтті. Сондықтан бүгінде әрбір азамат, әрбір қоғам қайраткері, оның ішінде блогерлер мен журналистер парасат идеологиясын ілгерілетуде және жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда ерекше рөл атқарады.

Кездесу барысында агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар мен агенттіктің 2020 жылдың 9 айындағы қызметінің негізгі нәтижелерімен таныстырды.

Атап айтқанда, Алик Жатқамбайұлы қатысушыларға Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үш пакетін жеткізді.


Мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған трансформациялық процестермен, бюджет шығыстарын оңтайландыру жөніндегі алдын алу жұмысының нәтижелерімен, сондай-ақ парасат идеологиясын ілгерілету жөніндегі жаңа тәсілдермен таныстырды.

«Ашық диалог» түріндегі кездесу форматын ескере отырып, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша, оның ішінде қоғамды саяси жаңғырту және демократияландыру призмасы арқылы өз пікірін білдіре алды.

Іс-шара барысында айтылған барлық мәселелер бойынша агенттік төрағасы түсініктеме беріп, бірқатар өтініш пен ұсынысты бақылауына алды.


Соңғы жаңалықтар