+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Алик Шпекбаев: Қазақстандықтардың жартысынан көбі жемқорлық азайғанын атап өткен

2019 жылғы 10 желтоқсан 12:15
Бөлісіңіз:
Алик Шпекбаев: Қазақстандықтардың жартысынан көбі жемқорлық азайғанын атап өткен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың жартысынан көбі парақорлық деңгейінің төмендегенін атап өткен. Бұл туралы елордада өткен V жыл сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыл шаруашылығындағы жемқорлықтың алдын алу жиыны өтті Сот Болат Бақауовты қамауда ұстау туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды ШҚО-да орман шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері арасында парақорлық фактісі анықталды

«Елімізде жемқорлыққа қарсы реформалар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сарапшылар Қазақстандағы жемқорлық жағдайына қатысты сараптама жүргізді. Еліміздегі азаматтардың жартысынан көбі соңғы жылдары жемқорлық деңгейі төмендегенін айтқан. Ал сауалнамаға қатысқан 76-дан астам кәсіпкер Қазақстанда кәсібіңді тек заң аясында дамытуға болатынын айтқан», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, Дүниежүзілік банк әлемдегі 214 елдің мемлекеттік басқару индикаторы аясында «Жемқорлықты бақылау» көрсеткішін егжей-тегжейлі зерттейді.

«Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан ТМД елдерін басып озып, аталмыш индикатор бойынша өзінің ең жақсы нәтижесін көрсетті. Аз нәрсе істелген жоқ. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұл конференция жемқорлықтың алдын алу деңгейі мен сапасына тікелей қатысты мәселелерге арналған», - дейді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT