Алик Шпекбаев Фейсбуктегі парақшасына келген хаттарға жауап беріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Фейсбук әлеуметтік желісінде  5 күннің ішінде 100-ден аса хат алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Достар, менің алғашқы жазбама қолдау білдіріп жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. 5 күннің ішінде маған 2 мыңнан астам адам жазылып, 100-ден астам хат келді. Хаттардың көбінде нақты сауалдар қойылған және біздің агенттіктің міндетінен тыс мәселелер де көтерілген. Олардың кейбірі қосымша зерттеуді қажет етеді, біздің мамандар ол сұрақтармен қазірдің өзінде айналысуда. Жеке сауалдарға жылдам жауап беру мүмкіндігі туып отыр. Хаттар қаралымының қорытындылары сіздерге жіберілетін болады»,-деп жазды А.Шпекбаев өзінің Фейсбуктегі парақшасына.

Ол сонымен қатар агенттікке жұмысқа тұрғысы келетіндерден көптеген хаттар келгенін, агенттікке қызметке орналасқысы келетін адам жалпы байқау аясында ғана іріктеуден өте алатынын айтады.
«Сіздерден сұрайтыным, хат жазғанда барынша жауапкершілік танытқандарыңыз қажет. Кім, қайда, қашан, қандай жағдайда деген сияқты нақты фактілерді көрсетуіңіз қажет. Мұндай жағдайда кез келген ақпарат артық болмайды. Нақты фактілермен бетпе-бет келіп қалсаңыз сауалыңызды менің жеке электрондық мекенжайыма [email protected] жіберіңіз»,-деп жазады агенттік басшысы.

Соңғы жаңалықтар