+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Алик Шпекбаев Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының президенті болып сайланды

2019 жылғы 19 желтоқсан 14:03
Бөлісіңіз:
Алик Шпекбаев Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының президенті болып сайланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өткен Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының халықаралық конгресінде Алик Шпекбаев аталған федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақ күресі елордадағы бес мектептің бағдарламасына енгізіледі Елордада Қазақ күресінен VIII Әлем біріншілігі өтіп жатыр Грекия 2021 жылы Қазақ күресінен Әлем чемпионатын өткізуге ниет білдірді

Конгреске әлемнің 27 елінен Қазақ күресі спортының өкілдер келді. Жиын барысында федерация басшысын сайлау мәселесі қаралған болатын. 27 мемлекет өкілінің бір ауыздан берген дауысымен федерациясының президенті болып Алик Шпекбаев сайланды.

Сонымен қатар, жиын барысында жаңа сайланған президент Алик Шпекбаев 27 елден келген федерация мүшелеріне ұсыныс білдірді. Ол бойынша федерацияның «Құрметті президенті» ретінде Досхан Жолжақсыновты, бірінші вице-президенті ретінде Бәделхан Камалханұлын сайлау ұсынылды. Көпшілік бұл ұсынысты да қолдады.

Сондай-ақ, федерацияның вице-президенті болып Грекиядан келген Пекос Феодорос пен қытайлық Соң Жиаңлиң сайланды.

Фото: neonomad.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT