Алик Шпекбаев: Бизнесмендерден түскен шағымдардың 90 пайызын шештік

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бизнесмендерден түскен шағымдардың 90 пайызын оң шештік. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта агенттіктің сүйемелдеуінде жалпы сомасы 11,7 трлн теңгені құрайтын шамамен 300 бизнес жоба бар. Бізге бизнесмендерден 400-ден астам шағым түсіп, оның 90 пайызы оң шешілді. Қалған 10 пайызы таяу уақытта шешілетін болады», - деді агенттік басшысы бүгін Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы жөніндегі ІІІ республикалық форумда.

Оның айтуынша, өткен жылы агентті ҚР Сыртқы істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған «Protecting business and investments» жобасын іске қосқан.

«Шетел инвестициясына өңірлік бәсекелестіктің күшейе түсуі тұрғысынан алғанда аталған жоба Қазақстанның Орталық Азиядағы бәсекелестік басымдығын арттыруға айтарлықтай үлес қосып, елдегі адал бизнес ортаның дамуын ынталандырады. Бұл жоба бизнес жүргізудегі ағымдық мәселелерді шешуге бағытталған уақытша шара екендігін баса айтқым келеді. Біздің негізгі мақсатымыз - меморгандардың бизнеске бет бұрғызу, шенеуніктерге бизнеске көмектесуге әрі қолдауға үйрету. Оған қол жеткізгеннен кейін жобаны жалғастыру қажеттілігі өзінен-өзі өзектілігін жояды», - деді Алик Шпекбаев.
null

Соңғы жаңалықтар