+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Алик Шпекбаев апта сайын жеке қабылдау өткізеді

2019 жылғы 12 қыркүйек 19:41
Бөлісіңіз:
Алик Шпекбаев апта сайын жеке қабылдау өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев апта сайын жеке қабылдау өткізетін болды. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Төтенше жағдайлар қызметкерлері пара алу күдігіне ілікті Пара беруге үгіттеген адвокат ұсталды Жемқорлық фактісін хабарлаған тұрғындарға қанша қаржы төленді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған кезеңде азаматтардың жеке мәселелері бойынша 621 қабылдау өткізді.

«Төраға өтініштерді уақтылы қарау маңыздылығын ескере отырып, өзінің азаматтарды жеке қабылдау санын айына 1-еуден апта сайынғы қабылдауға көбейту, ал төрағаның орынбасарлары, құрылымдық және аумақтық бөлімшелер басшыларының күнделікті негізде қабылдауытуралы шешім шығарды. Бұдан бөлек, жұртшылықпен тікелей және кері байланыс үшін Call-орталық 1424 тұрақты түрде жұмыс жасауда, онда азаматтарға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетіледі. «Электронды үкімет» порталында Төрағаның жеке блогы, Агенттіктің және төрағаның, аумақтық департаменттер мен олардың басшыларының әлеуметтік желілердегі парақшалары, сондай-ақ Төрағаның жеке электронды поштасы жұмыс істейді»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бүгінгі күннен бастап Агенттік басшылығы «Ашық диалог» порталында онлайн режимінде азаматтарды қызықтыратын мәселелер бойынша ай сайын интернет-конференциялар өткізетін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT