Алик Шпекбаев Алматыдағы «ОҢАЙ» жүйесімен танысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Алматыда жемқорлыққа қарсы қолданылатын цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстарымен танысты. Жұмыс сапарының барысында ол Алматыдағы Полиция жедел басқару орталығы мен Көлік холдингіне барды.

Бүгінде Алматыдағы барлық цифрлық жобалар үш басты принцип негізінде іске асырылуда. Бірінші кезекте - ашықтықты қамтамасыз ету және жемқорлық жағдайларын болдырмау, екіншісі - экономикалық қайтарым, үшіншісі - мемлекеттік қызмет және қала тұрғындары үшін жайлылық сапасын арттыру.

Осылайша, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алматының Көлік холдингінде «Оңай» электрондық жүйесі мен қоғамдық көлікті диспетчерлендіру жүйесінің аралық қорытындыларымен танысты.

«ОҢАЙ» жүйесі мен автоматтандырылған көлік тұрақтары миллиардтаған қаржыны «көлеңкеден» шығарып, оларды қала экономикасына тартуға мүмкіндік берді. Қоғамдық көлікте ақшасыз төлем жасау үлесі 98 пайыздан асқан, бұл - күніне 1 млн астам транзакция. Сала «көлеңкеден» толық шығарылды. Бұдан басқа, егер өткен екі жылда Алматыда 634 қоғамдық көлік сатып алынса, биыл 716 жаңа автобус жүре бастайды.

Полиция департаментінің Жедел басқару орталығында агенттік төрағасына дамыған бейнебақылау жүйелерінің енгізілуі мен «102» қызметінің сапасын арттыру бойынша қолданылып отырған шаралар жөнінде айтып берді.

Қазіргі таңда Алматыда қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жылдамдық режимінің бұзылуын автоматты түрде анықтайтын «RoadScanSpeed» жүйесі, белгіленген жолаққа шығып кетуді фотоға түсіріп алатын «Жолақ» жүйесі, «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша бейнекамералар және т.б. жобалар іске асырылуда.  

Соңғы жаңалықтар