Алик Шпекбаев Алматы облысы әкімдіктерін бағдарламадан тыс тексеріп, ескерту жасады

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барып, Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметімен танысты.

Қарасай және Іле аудандарының ауылдық округ әкімдіктерін бағдарламадан тыс, ескертусіз аралау барысында Антикор басшысы бірқатар ескерту жасап, қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшу қажеттілігі туралы ұсыныстар берді.

Келесі нысан Қарасай ауданы Береке кентінің Мәдениет үйі болды, онда Антикор мен Мәдениет пен спорт министрлігінің «Парасат жолы» жобасы өз жұмысын бастады. Жергілікті тұрғындар осы бастаманы қолдай отырып, қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілету жұмыстарына дайын екендіктерін білдірді.

Іле ауданының Өтеген батыр кентінде Алик Шпекбаев Алматы облысының азаматтық сектор, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар басшыларымен кездесті.

Іс-шараға ақпараттық-ағарту штабының, арнайы мониторинг тобының өкілдері, облыстың Филип Моррис Қазақстан, Маревен Фуд Тянь-Шань, Азия Агро фуд және т.б. ірі өнеркәсіптік және азық-түлік компанияларының басшылары қатысты.

Өз сөзінде агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда азаматтық бақылауды күшейтудің және азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты іс-қимылда негізгі екпін алдын алу шараларына қойылады, оның басшысы азаматтық бақылау институты және жауапты, парасатты бизнес», - деп атап өтті.

Осы тұрғыда, кәсіпкерлік қоғамдастыққа арнаған сөзінде Алик Шпекбаев тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау аясындағы тиімді құрал ретінде комплаенс-қызметтер институтын заңнамалық айқындауға назар аударды, сондай-ақ жеке компаниялардың басшыларын осы жүйені өз кәсіпорындарына енгізуге шақырды.

Кездесу соңында агенттік төрағасына Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының өңірде қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша жұмысы таныстырылып, азаматтық сектор өкілдері жемқорлықтың алдын алуға арналған алдағы жоспарларымен бөлісті.


Соңғы жаңалықтар