Алик Шпекбаев әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайласы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Фейсбукте жеке парақшасын ашқанын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Құрметті достар! Фейсбук жай ғана әлеуметтік желіден артық. Ол болмағанда бүгінгі күні қоғам өмірінің әр түрлі өзекті мәселелеріне объективті көзқараспен сенуге қиын. Әсіресе басқару шешімдерін қабылдайтын адамдар үшін маңызды», - деп жазды А.Шпекбаев.

Агенттік басшысы өзіне және өзінің әріптестеріне мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы саясатты жүзеге асыру бойынша жауапты миссияның жүктелгенін жеткізді.

«Бірақ алдағы уақытта бастаған істі одан әрі жетілдіру үшін күш біріктіру қажет. Осы тапсырманы Елбасы басым бағыттардың бірі ретінде айқындап берді. Бүгінгі күні креативті ойлайтын және қоғам санасын өзгертуге құштар адамдардың көмегі қажет. Фейсбук алаңы әрбіреудің ұсынысын есту үшін жақсы мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан мен жеке парақшамды ашуды ұйғардым», - дейді А.Шпекбаев.

Осыдан кейін агенттік төрағасы өзі басқарып отырған салаға қатысты барлық ұсыныстарды [email protected] жеке электронды поштаға жазуға үндеді. «Достар, осы бағыт бойынша нәтижелі жұмыс құру үшін, өтініштер, арыз-шағымдар үшін «Ашық диалог» порталындағы блогым жұмыс істейтінің естеріңізге саламын. Біз сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның құрылуына және беделді халық қызметшілерінің корпусының қалыптасуына бірдей мүдделі екенімізге сенім білдіремін», - деп атап көрсетті А.Шпекбаев.

Айта кетейік, жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алик Шпекбаевт і Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындаған болатын. Оған дейін агенттікті басқарған Қайрат Қожамжаров Бас прокурор қызметіне ауысты.

Соңғы жаңалықтар