Алик Шпекбаев «Адалдық сағатын» өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен өңірлердегі барлық орта білім мекемелерінде бірыңғай жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасат, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр. Сонымен қатар, 2050 жылы 30 дамыған елдің қатарына қосылған, бәсекеге қабілеті, саналы, экономикасы дамыған парасатты мықты мемлекет қалыптастыра, парасат пайымы ұшқыр, жан-жақты тұлғалардың санын көбейтуге атсалысу мақсаты да көзделген.

«Жаңа заман жастары біліммен қатар адалдық, парасат, әділдік пен сенім секілді адами құндылықтарды да бойына сіңіруі қажет. Бүгінгі күнгі «Адалдық сағаты» да - сол жұмыстардың бастамасы. Еліміздегі барлық мектепте «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері өңірлердегі аймақтық басқарма басшыларының оң қолы болып, өзіндік жастық креативпен, құлшыныспен қоғамдағы қатерлі дерттің алдын алу жұмыстарына да жұмылуы қажет», - деді Алик Шпекбаев акцияны бастай отырып.

Аталған іс-шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың білім басқармалары арқылы орта білім беру мекемелерінде «Nur Otan» партиясының мүшелері, агенттіктің арнайы мониторингтік топ мүшелері және үкіметтік емес ұйымдарының, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ басқа да қоғам белсенділері қатысты.

Жалпыреспубликалық акция әртүрлі форматта өтті. Жасөспірімдер өз ұсыныстарын, ойларын жеткізді. Жалпы акцияға республика бойынша 2 млн оқушы қатысты. Шараға 5903 мектеп жұмылдырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар