Алик Айдарбаев қызметінен босатылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алик Айдарбаевтың басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі берген өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды» делінген акционерлік қоғам таратқан мәліметте.

Алик Серікұлы 1963 жылы 19 мамырда Алматы облысында туған.

Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

1985 жылдан бері мұнайгаз саласында жұмыс істейді.

Мұнайгаз өндірісінде кәсіби дамудың барлық сатыларынан өтті, аға геолог, кейіннен технолог, мұнай және газ өндіру шебері, «Маңғышлақмұнай» ӨБ «Жетібаймұнай» МГӨБ мұнай және газ өндіру цехы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Әртүрлі жылдарда «ОңтүстікҚазмұнайГаз» өндірістік бірлестігінде басшылық қызметтер атқарды.

«Торғай Петролеум» және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды.

2011 жылдың сәуірінен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры.

2011 жылдың мамырында директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2011 жылдың желтоқсанында ҚМГ БӨ бас директоры болып жұмыс жасады.

2013-2017 жылдары Маңғыстау облысының әкімі, 2018 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

2018 жылдың қарашасында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар