+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алик Айдарбаев: «ҚазМұнайГазда» қиындыққа төтеп бере алатын қор бар

2020 жылғы 4 маусым 22:19
Бөлісіңіз:
Алик Айдарбаев: «ҚазМұнайГазда» қиындыққа төтеп бере алатын қор бар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев компания барлық қиындықты еңсеретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазМұнайГаз» басшысы ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін азайту туралы келісімге келіп, Қазақстан бұл шешімге қолдау білдіргенін жеткізді.

«Сол себепті мұнай өндірісінің азайып, мұнай өнімдеріне сұраныс азайып бара жатқандықтан жылдың соңында біздің өндірістік әрі қаржылық көрсеткіштер жоғары болмайтынын болжап отырмыз. Алайда біз жағдай соншалықты ушықты дей алмаймыз. «ҚазМұнайГазда» қиындыққа шыдас беретін қоры бар. Біз оны еншілес компанияларды ішінара қолдау үшін пайдаланатын боламыз», - деді Алик Айдарбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» кеңесінің отырысында.

«ҚазМұнайГаз» басшысының айтуынша жаһандық дағдарыс қазір дүние жүзінің барлық мемлекетіне ауыр салдарын тигізген.

«Сіз (Нұрсұлтан Назарбаевқа) жақында жұмыс тәртібін қайта қалыптастырып, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажет деп атап өткен едіңіз. Біз осы жұмысты қолға алдық. Дағдарысты еңсеру үшін біздің мүмкіндігіміз жеткілікті. Үкімет «Самұрық-қазына» қорымен күш біріктіре отырып, «ҚазМұнайГаз» барлық қиындықты еңсеріп, ел игілігі үшін жұмысты жалғастыратынына сенімдімін», - деді ол.

Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» - «Самұрық-Қазына» қорының құрамындағы ең үлкен компания екенін атап өтті.

«Сондықтан мына уақытта әрине оңай болмайды. Дүние жүзіндегі барлық компаниямен бірге көретін қиындық. Бірге еңсеру керек. Осы жұмыстың бәрін ары қарай жалғастыра беріңіз», - деді Елбасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT