Әлихан Смайылов: Жұмыспен қамту сервистерінің барлығын цифрландыру қажет

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жұмыспен қамту сервистерінің барлығын цифрландыру қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге күш салуымыз керек. Ол үшін цифрлық технологияларға сүйену маңызды. Мемлекеттік органдардың жүйелерін толық интеграциялай отырып, жұмыспен қамту сервистерінің барлығын цифрландыру қажет. Отбасының цифрлық картасы, Электрондық еңбек биржасы мен Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасын біріктіргеннен кейін, жұмыссыз жүргендерге электрондық хабарламалар арқылы вакансиялар ұсынуға болады», - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы жұмыссыздарға өтініш жазбай-ақ бос жұмыс орындарын ұсыну маңызды екендігін баса айтты.

«Мұндай қызметтерді смартфон арқылы қолжетімді ету қажет», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар